Үгіт-насихат жұмыстарын жүргізді
«Nur Otan» партиясы Кентау қалалық филиалынан облыстық мәслихатқа ұсынылған үміткерлер Кеңес Әуен, Марина Лимаренко, Насиба Атабаев ZOOM платформасы арқылы сайлаушылармен кездесті.
Онлайн өткен басқосуда сайлауалды бағдарламаны түсіндіріп, үгіт-насихат жұмыстарын жүргізді. Сондай-ақ, тұрғындардың сұрақтарына жауап беріп, ұсыныстарын тыңдады.
