Үгіт-насихат жұмыстарын жүргізді
"Nur Otan" партиясы Кентау қалалық филиалынан қалалық мәслихатқа ұсынылған үміткерлер ZOOM платформасы арқылы тікелей эфирге шығып, үгіт-насихат жұмыстарын жүргізді.
"Біз халықтың өмір сүру деңгейін арттыру мақсатында өңдеу кәсіпорындарды дамыта отырып, Кентау қаласының артықшылықтары мен әлеуетін пайдаланатын боламыз" - деген Талғат Балабиев бағдарламадағы жеті бағытты жан жақты түсіндірді.
Ал, Үсен Рахмет білім саласы бойынша айтып өтсе, Талғат Садуов қауіпсіз қала бағыты бойынша сөз етті. Ақерке Әбдіқадыр, Қайрат Зайнишев "жастар", "жайлы қала" жобалары бойынша жүзеге асатын жұмыстарды кеңінен жеткізді.
Үміткерлер партияның сайлауалды бағдарламасын жан-жақты насихаттап, тұрғындардың сұрақтарына жауап берді.
