Үгіт насихат жұмыстарын ауылшаруашылығы саласы еңбеккерлерімен жалғастырды.
Мəжіліс депутаттығына кандидат Өсербаев Сұлтан Мықтыбекұлы және облыстық маслихатқа кандидаттар А.Қораласбаев, Ш.Мырзалиев және аудандық маслихатқа кандидат Б.Бабасов аудандағы үгіт насихат жұмыстарын ауылшаруашылығы саласы еңбеккерлерімен жалғастырды. Дала еңбегі қай кезде де маңызды да ауыр жəне үлкен талапты қажет ететіндігін айтып, ауылшаруашылығы еңбеккерлерінің жұмысына ризашылығын білдірді. Сала еңбеккерлерімен сайлауалды бағдарламаны талқылай келе, олардың кейбір ұсыныстарын тыңдады. Алдағы кезде ұсыныстарын назарға алатындығын да айтып өтті. Іс шара аяғында ертеңгі науқанда жеңіске бірге жетуге шақырды.

