Үгіт насихат жұмыстары жалғасуда.
Үгіт насихат жұмыстары жалғасуда.
Бүгінгі таңда «Nur Otan» партиясы атынан Қазақстан Республикасы Парламент Мәжілісі және мәслихат сайлауына үміткер ретінде тіркелгендер үгіт-насихат жұмыстарын бастап кетті.
Бүгінгі күнге аудандық мәслихат депутаттығына үміткерлердің ауыл тұрғындарымен экспромт кездесулері,қоғамдық қабылдаулар,”есіктен есікке”шаралары,канвассингтер өткізіліп,үгіт насихат жұмыстары жалғасуда..
Үміткерлер ауыл тұрғындарына «Nur Otan» партиясының сайлауалды бағдарламасының басым бағыттарын түсіндіріп, өздерінің мақсат-мүдделерін жан-жақты айтып, атқарылатын жұмыстарға тоқталды. Үміткерлер өзара пікір алмасып, тұрғындардың көкейкесті өзекті мәселелері бойынша тиісті сұрақтарға жауап беріп,қажет жағдайда тиісті мекемелер арқылы шешу жолдары анықталуда.
Сонымен қатар, барлық елдімекендерде үгіт-насихат материалдары ілініп, тұрғындар арасында таратылды. #NurOtanДауысБер
