Үгіт-насихат жұмыстары жүргізілуде
Мәселен, бүгін өңірлік қоғамдық штаб мүшелері Бархинова Ұлтусын, Камилов Илимдар, Абдраманова Амина және Серік Расмухамбетов Кемертоған ауылында жүздесіп, келесі тақырыптарда сөз қозғады.
Жиында алдағы ел тағдырын айқындайтын саяси науқанның өзектілігі айтылды. Бұл кезеңде тұрғындардың белсенділігі маңыздылығы атап өтілді. Игі шарада Қ.К.Тоқаевтың халыққа Жолдауында айтылған басты қағидалар жіті түсіндірілді. Онда тұрғындардың талай жылдан бері көкейінде жүрген мәселелер, қоғамда қордаланған проблемалардың шешілу жолдары нақтыланған.
- Болашақтың іргесін бүгін қалаймыз. Бұл саяси науқан - болашаққа деген батыл шешімдер. Ел басшысы болу екінің бірінің қолынан келе бермейтін, үлкен жауапкершілікті талап ететін, міндеті өте ауыр мансап. Бұл жерде білім мен біліктіліктен бөлек, ел билей алатындай мінез болуы шарт.
Сонымен қатар маңызды құжатта айтылған білім саласын дамыту, ұстаздар мен жастардың әлеуметтік жағдайын жақсартуға бағытталған реформалар туралы кеңінен тоқталды.
#Toqaev2022
