Мазмұнға өту
Обложка сообщества Разное

Үгіт насихат жұмыстары өтті

Үгіт насихат жұмыстары өтті.

Бүгін Шыңғырлау ауданы "Nur Otan" партиясы аудандық мәслихатына үміткерлер ретінде тіркелген С.Байтенова,С.Тайпақова,Г.Бисенғалиева,А.Камзаева,С.Казиев,А.Абаков аудандық мәдениет үйінде мәдениет және спорт қызметкерлерімен үгіт-насихат жасау мақсатында кездесуі өтті.

Кездесу барысында үміткерлер сайлауалды бағдарламаларымен таныстырып, "Nur Otan" партиясының осы жолы әр аймаққа өзіндік нақты бағдарлама құрылғанын баса айтты.

С.Байтенова ауданымызда атқарылып жатқан игі істер мен өңірімізде іске асқан ілкімді істердің "Nur Otan" партиясының бағдарламасы аясында жүзеге асып жатқанын айтты.

Аудандық мәслихат депутаттығына үміткерлер Г.Бисенғалиева,С.Тайпақова”Nur Otan" партиясы қолға алып жатқан әр ісі халықтың әл-аухатын көтеру үшін жасалып жатқанын айтты.

Кездесуді жүргізген "Nur Otan" партиясы аудандық филиалы төрағасының бірінші орынбасары С.Байтенова шараға қатысушыларды 2021 жылдың 10 қаңтарында өтетін сайлауда игі бастаманың басында жүретін "Nur Otan" партиясына дауыс беруге шақырды.#NurOtan

0
0
133

Осы тақырып бойынша

Үгіт насихат жұмыстары өтті - Yvision.kz