Үгіт насихат жұмыстары кезінде ұстаздармен және балық аулау цехінің қызметкерлерімен кездесті
Бүгін 23.12.2020 жылы Атырау облыстық мәслихат депутаттығына үміткерлер кандидат Шакупов Жұмажан Умирзахович пен Карсакова Замзагуль Ундасиновна және аудандық мәслихат депутаттығына үміткерлер Жүгінісов Болат Теміржанұлы мен Қанат Ғұмаров М.Әуезов атындағы жалпы орта мектептің ұстаздарымен және Теңіз селосында орналасқан балық аулау цехінің қызметкерлерімен кездестік. Кездесу барысында «NurOtan» партиясының 2021-2025 жылдарға арналған сайлауалды бағдарламасымен таныстырып, түсінік жұмыстары жүргіздік. Сонымен қатар мектеп пен балық шаруашылығына қатысты түрлі өзекті мәселелер көтерілді. Ұстаздар мен цех қызметкерлері «NurOtan» партиясын қолдайтындықтарын білдіріп, депутаттарға сәттілік тіледі.

