үгіт-насихат жұмыстары басталды.
10 желтоқсан күні елімізде партиялардың үгіт-насихат жұмыстары басталды. Әр саяси ұйым сайлауалды бағдарламаларын халыққа таныстырып жатыр.
Әрбір үміткерге арнап жеке үгіт-насихат жоспары және сайлаушылармен кездесу кестесі әзірленген. Осыған орай, бүгін Мәжіліске депутаттыққа үміткер Самат Мұсабаев Қарақия кәсіптік колледж жұмысшыларымен кездесу өткізіп, өз бағдарламасын түсіндірді.
