Мазмұнға өту
Обложка сообщества Разное

Үгіт-насихат жұмыстары

«Nur Otan» партиясының Республикалық сайлауалды штабының мүшелері ретінде үгіт-насихат жүргізу мақсатында Маңғыстау облысының кәсіпорындар ұжымымен, ауыл тұрғындарымен, денсаулық сақтау қызметкерлерімен, теміржол саласы мамандары және жас қаламыздың жастарымен жүздесіп, бірқатар кездесу өткіздік.

Ауыл шаруашылығы кәсіпорындарының өкілдерімен кездесу барысында аталмыш салада бірқатар мәселе бар екенін ескерсек, оның шешу жолын партиямыздың таяудағы 5 жылға арналған Маңғыстау облысы бойынша сайлауалды бағдарламаның басты тармақтарының бірі сол ауыл шаруашылығына арналғанын атап, түсіндірме жұмыстарын жүргіздік. Дәлірек айтсақ, облыстық партия мүшелері:

- Ауыл шаруашылығы еңбеккерлерін тұрақты сатып алу және өткізу жүйесін жолға қоюға, оқытуға және құзыреттілік деңгейін арттыру жүйесін ұйымдастыруды;

- Өңірдің табиғи ерекшеліктерін ескере отырып, жыл сайын жылыжай көлемін арттыруды;

- Ауыл шаруашылығы тауарларын өндірушілерді қаржы институттары арқылы мемлекеттік қолдау шараларын кеңейтуді мақсат етеді.

Ауыл тұрғындарымен жүздесу барысында Yessenov University жас түлектерін де кездестіріп қуанып қалдым. Бірі, Нұржан есімді 2020 жылғы түлегіміз - Өмірзақ ауылы мектебінде қазақ тілі мен әдебиет пәнінен мұғалім. Асамадинов Нұржан студент кезінде өз алғырлығын көрсетіп, үздік оқыған, көк ордамыздың белсенді студенттерінің бірі, көркемсөз оқудан облыстық, республикалық жарыстардың жүлдегері . Міне, қазір де сол дарындылығын ауыл балаларына білім етіп дарытуда.

Келесі – Университетімізде магистратура дипломын алып, бүгінгі күні Мұнайлы ауданы №3 орта мектебінде педагог-ұйымдастырушы, қазақ тілі мен әдебиет пәні мұғалімі болып еңбек етіп жүрген Абай Тузелбай есімді түлегіміз. Абай студент кезінен өте белсенді, қазір, мұғалімдігімен қатар, «Жас Отан» Жастар қанаты Мұнайлы аудандық бөлімше басшысы, әрі журналист, теле-радио жүргізуші, ҚР Журналистер одағының мүшесі. Абай өзінің түлеп ұшқан мектебіне қайта оралып, ауылдың, ауданның білім саласына өз үлесін қосуда.

Осылайша, Yessenov University жас түлектері өңіріміздің адами капиталының дамуына септігін тигізіп жатқанына қуанышты болдым.

Ел алдындағы еңбектеріңіз жемісті әрі табысты болсын деп тілеймін! Тек алға!

Берик Ахметов

0
0
106

Осы тақырып бойынша

Үгіт-насихат жұмыстары - Yvision.kz