Үгіт-насихат компаниясының аяқталуы туралы брифингі.
Үгіт-насихат компаниясының аяқталуы туралы брифингі.
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев Парламент Мәжілісі мен мәслихат депутаттары сайлауын тағайындау туралы үндеу жариялап, тиісті Жарлыққа сәйкес, Мәжіліс және маслихат сайлауы 2021 жылдың 10 қаңтарында өтеді деп бекітілді.
2020 жылдың 8 қаңтары күні "Nur Otan" партиясы Приозерск қалалық сайлауалды штабының жабылу шарасы өтті. Жабылу салтанатына қалалық штаб мүшелері қатысты. Жабылу салтанатында «Nur Otan» партиясы Приозерск қалалық сайлауалды штабының төрағасы Д.О. Дүйсембаев сөз сөйлеп, штабтың іс-шараларының желілік кестесіне сәйкес халықтың әр түрлі топтарын қамтитын нақты іс-шаралар өткізілгенін айтты. Іс шараларды өткізу барысында эпидемиологиялық жағдай ескерілгенін, барлық қауіпсіздік ережелері сақталғандығы жайлы және бірқатар іс-шаралар онлайн режимінде өткенін атап өтті.
Штабтың іс-шараларының желілік кестесі бойынша «Nur Otan» партиясының сайлауалды бағдарламасын қала тұрғындарына түсіндіру мақсатында 27 кездесу, 14 «Есіктен есікке» акциясы, 13 «Экспромт кездесу», 11 «Қоғамдық қабылдау», 6 «Канвассинг», бірнеше акциялар мен үгіт-насихат материалдарын ілу шаралары ұйымдастырылып өткізілді.
Приозерск қалалық мәслихат депутаттығына үміткерлер кездесу барысында «Nur Otan» партиясының сайлауалды бағдарламасының жеті басымдықтарына тоқталып, қаламыздың экономикалық даму бағдарламасы, туризмді дамыту, тұрғындарды жұмыспен қамту, кәсіпкерлікті дамыту және халықтың әл-ауқатын көтеру бағыттары бойынша жоспарларды талқылады.
«Есіктен есікке» акциясы аясында “Nur Otan” партиясының сенімді өкілдері мен «Jas Otan» Жастар Қанатының мүшелері қала тұрғындарына үгіт-насихат жұмысы бойынша буклеттер беріп, сайлауалды бағдарламасының 2025: 17 басымдығы және Приозерск қаласы бойынша “Nur Otan” партиясының сайлауалды бағдарламасының кітапшаларын таратты.
Приозерск қалалық мәслихат депутаттығына үміткерлер «Аль-Сафи», «Юбилейный», «Центральный» және «Жұлдыз» дүкендерінде, сонымен қатар «24 сағат» дәріханаларында «Экспромт-кездесу» аясында қала тұрғындарымен кездесті. Үміткерлер қала тұрғындарына «Nur Otan» партиясының сайлауалды бағдарламасын түсіндіріп, бағдарламаға сәйкес буклеттер таратты.
Сонымен қатар партияның сенімді өкілдері мен үміткерлері қала тұрғындарына «Қоғамдық қабылдау» жүргізіп, қаламыздың құрметті азаматтарымен «Канвассинг» форматында кездесу өткізді.
Жабылу салтанатының соңында «NUR OTAN» партиясының Приозерск қалалық сайлауалды штабының төрағасы Д. Дүйсембаев штаб мүшелеріне сайлауалды компаниясы аясындағы жұмыстары үшін шынайы алғысын білдірді.

