Үгіт-насихат барысындағы кері байланыс
Бүгін сайлауалды үгіт-насихат шараларын жүзеге асыру барысында "Кандидатқа сұрақ қой" айдарында Жаңаөзен қаласы тұрғындарының тарапынан денсаулық саласына қатысты келіп түскен сауалына орай облыстық және қалалық мәслихат депутаттығына үміткерлер Тлектес Болатбаева, Жаңабай Унайбаев, Шәріп Ақжігітов пен Ынташ Наурызова қалалық көп бейінді ауруханасында болып жаңадан ашылған ПЦР зертханасының жұмысымен танысты. Әрі қарай аурухана ғимаратындағы жұмысы тоқтап тұрған жеделсатының (лифт) жағдайымен танысып, ұсыныстарын жеткізді.
