Мазмұнға өту
Обложка сообщества Разное

үгіт-насихат.

АПТАНЫҢ СЕЙСЕНБІ ЯҒНИ 5 ҚАҢТАР КҮНІ САЯСИ НАУҚАН АЛДЫНДАҒЫ КЕЗДЕСУІМДІ ШЫҒЫС ҚАЗАҚСТАН ОБЛЫС ТАБИҒИ РЕСУРСТАР ЖӘНЕ ТАБИҒАТ ПАЙДАЛАНУДЫ РЕТТЕУ БАСҚАРМАСЫНЫҢ ЗАЙСАН ОРМАН ШАРУАШЫЛЫҒЫ КОММУНАЛДЫҚ МЕМЛЕКЕТТІК МЕКЕМЕСІНДЕ ӨТКІЗДІМ.

Кездесуге ұжым басшысы К.У.Ахметов бастаған ауданның орман саласының мамандары қатысты.

Жиналғандар алдында "НҰР ОТАН"партиясының сайлау алдындағы бағдарламасын жан жақты түсіндіріп,оның маңызы мен мақсатына тоқталдым.Сонымен бірге кездесуге қатысушыларды 10 қаңтар күні болатын саяси науқанға белсенділікпен қатысуға шақырдым.

Кездесуге қатысушылар өз ой пікірлерін ортаға салды.Сөз кезегін алған Зайсан орман шаруашылығы коммуналдық мемлекеттік мекемесінің ақсақалдар алқасының төрағасы,40 жыл осы ұжымда қызмет атқарған Омаров Болат Қалиғұмарұлы"Нұр Отан "партиясын әрдайым қолайтынын айтып,халықтың мұңы мен мұқтажын қолдайтын осы партияға дауыс беретінін айтып,әріптестерін де ұйымшылдықпен дауыс беруге шақырды.Сол секілді өз ойын білдірген ұжымдағы ақсақалдар алқасының мүшесі,37 жыл осы ұжымда еңбек еткег Байғазин де "Нұр Отанның"сайлау алды бағдарламасымен толық танысып шыққанын айтып,әріптестерін "Нұр Отанға"дауыс беруге шақырды. Кездесуде қойылған сауалдарға жауап қайтардым.#NurOtan#NurOtanZaysan

0
0
206

Осы тақырып бойынша

үгіт-насихат. - Yvision.kz