Үгіт-насихат
Тасқала аудандық партия филиалының бақылау комиссия мүшелері және сайлауалды штаб өкілдері Тасқала ауылдық округінде «Есіктен есікке» акциясы бойынша үй-үйлерді аралап үгіт-насихат жүргізілді. Ауыл тұрғындарын сайлауға белсенді қатысуға шақырды. Сайлау науқаны кезінде үйлерді аралап жүрген үгіт-насихатшыларды ауыл тұрғындары жылы қарсылап, сайлау кезінде белсенділік танытамыз деп сендірді.
