Үгіт нәсихат кездесулері жалғасып жатыр
Бүгін қаламыздағы “Оқушылар шығармашылық үйінде халықпен кездесу өтті. Жиынға штаб мүшесі Өтебаев Майлыбай, Дәрменов Жаңбырбай, мәжіліс депутаттығына үміткер Самат Мусабаев, қалалық мәслихат депутаттығына үміткерлер Мусаев Темир және Қорғанбаев Батыржан “Nur Otan” партиясының сайлауалды бағдарламасын түсіндіріп дауыс беруге шақырды.
Жиынға келген халық өз ойында жүрген мәселелерін айтып, соған арнай сұрақтарын қойды. Жұмыспен қамту, тұрғын үй салу, газ, су мәселелеріне арнайы тоқталды.
Көтерілген сұрақтар аясында жиынға қатысушылар тиісті жауаптар беріп, алдағы сайлау науқанына белсенді қатысып, “Nur Otan” партиясына дауыс беруге шақырды.
Қиындықты еңсеріп, жеңіске бірге жетеміз!
#NurOtan
#Zhanaozen
