Гигиеналық құралдар бойынша ақпарат
Оңалтудың жеке бағдарламасы әрі қарай (ОЖБ) медициналық-әлеуметтік сараптама бөлімдерінің мамандарымен «Мүгедектерді оңалтудың кейбір мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2015 жылғы 22 қаңтардағы №26 бұйрығымен (өзгерістер 29.07.2017ж жылы күшіне енді) реттелетін медициналық көрсеткіштер мен қарсы көрсетілімдер негізінде әзірленеді.
Мiндеттi гигиеналық құралдар - табиғи физиологиялық қажеттiлiктер мен мұқтаждықтарды қанағаттандыруға арналған құралдар.
Гигиеналық құралдарға оңалтудың жеке бағдарламасы 1-қосымшаға сәйкес медициналық - әлеуметтік көрсеткіштер бойынша әзірленеді.
1. Мүгедектерді жөргектермен қамтамасыз етуге арналған медициналық-әлеуметтік көрсеткіштер:
1) аурудан және/ немесе жарақат салдарынан болатын несептің және нәжістің ұстамау түрі бойынша жамбас органдары функцияларының бұзылуына байланысты организм функцияларының статодинамикалық бұзылуы; 2) өз мінез-құлқын бақылаудың бұзылуынан болатын психикалық бұзушылық салдарынан несептің және нәжістің ұстамау; 3) несеп шығару жолдары мен тік ішек жарақаты, омыртқа жұлынының, несеп шығару жүйесі мен асқазан-ішек жолының туа біткен аномалиялары салдарынан несептің және нәжістің ұстамау түрі бойынша жамбас органдары функцияларының бұзылуы.
2. Мүгедектерді несеп қабылдағыштармен және нәжіс қабылдағыштармен қамтамасыз етуге медициналық көрсеткіштер ішек немесе қуық стомының болуы болып табылады.
2017 жылдың 29 шілдесінде күшіне енген өзгерістерге сәйкес мүгедектердің өмір сүру сапасын жақсартуға қажетті гигиеналық құралдардың саны мен атауы артты.

Мiндетті гигиеналық құралдармен қамтамасыз ету тәртібі
1. Мүгедектер міндетті гигиеналық құралдармен өтініштердің және осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес медициналық-әлеуметтік көрсетілімдер мен қарсы көрсетілімдерге сай әзірленген ОЖБ негізінде қамтамасыз етіледі.
2. Құжаттар топтамасы сәйкес болған жағдайда, құжаттарды қабылдаған күннен бастап он жұмыс күні ішінде қалалық басқармалар, жұмыспен қамту бөлімдері өтініш берушіге еркін нысанда міндетті гигиеналық құралдарды ұсынуға құжаттар ресімдеу туралы хабарлама (бұдан әрі – хабарлама) жібереді.
Қалалық басқармалар, жұмыспен қамту бөлімдері хабарлама берілгеннен кейін тоқсан сайын, есепті тоқсаннан кейінгі айдың 5-күні міндетті гигиеналық құралдармен қамтамасыз етілуге тиіс мүгедектер туралы тізімдерді жасайды және міндетті гигиеналық құралдардың тізбесі мен санын көрсете отырып, оларға қажеттілікті қалыптастырады.
3. Қалыптастырылған қажеттілік негізінде қалалық басқармалар, жұмыспен қамту бөлімдері міндетті гигиеналық құралдарды сатып алуды мемлекеттік сатып алу туралы Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жүргізеді.
4. Қалалық басқармалар, жұмыспен қамту бөлiмдерi міндеттi гигиеналық құралдарды берудi мүгедектің тегін, атын, әкесiнiң атын (бар болса), туған күнiн, тұрғылықты жерiн, алған міндетті гигиеналық құралдың атауын, санын, алған күнiн, алғаны туралы белгiні көрсете отырып тiзiм бойынша жүргiзедi.
5. Міндетті гигиеналық құралдар мүгедектерге жүгінген айдан бастап беріледі.
6. Мiндетті гигиеналық құралдар мүгедектерге бiр жылға төмендегідей мөлшерде берiледi:
1) жөргектер – 730 дана;
2) несеп қабылдағыштар – 365 дана;
3) нәжiс қабылдағыштар – 365 дана;
4) сіңіргіш жаймалар (жаялықтар) – 365 дана;
5) катетер – 12 дана;
6) стоманың айналасындағы теріні қорғау және тегістеуге арналған паста-герметик – 12 дана;
7) қорғаныш крем – 12 дана;
8) сіңіргіш ұнтақ (опа) – 12 дана;
9) иісті бейтараптандырғыш – 12 дана;
10) теріні тазартқыш – 12 дана.
8. Санитарлық құрылғысы бар кресло-орындық, дәретхана бөлмесіне арналған қайырмалы тіреуіш тұтқалар, жуынатын бөлмеге арналған тұтқалар 4 жылдан бұрын ауыстырылмайды.
9. Жұмыспен қамту бөлімдерi мiндетті гигиеналық құралдар берiлгеннен кейiн бiр ай iшiнде мүгедектiң тегін, атын, әкесiнің атын (бар болса), туған күнiн, тұрғылықты жерiн, алған мiндетті гигиеналық құралдың атауын, берiлген күнiн, сондай-ақ алғандығына адамның қойған қолын көрсете отырып, гигиеналық құралдарды алған мүгедектердiң тiзiмiн облыстық басқармаға ұсынады.
------------------------------------------------------------
Индивидуальная программа реабилитации далее (ИПР) разрабатывается специалистами отделов медико-социальной экспертизы, на основании медицинских показаний и противопоказаний которые регламентированы в Приказе Министра здравоохранения и социального развития Республики Казахстан от 22.01.2015г №26, который с изменениями вступил в силу 29.07.2017г.
Обязательные гигиенические средства – это средства, предназначенные для отправления естественных физиологических нужд и потребностей.
Индивидуальная программа реабилитации на гигиенические средства разрабатывается по медицинским показания согласно приложению 1 к настоящим Правилам.
1.Медицинские показания к обеспечению инвалидов подгузниками являются:
1) нарушение стато-динамических функций организма, сопровождающиеся нарушением функций тазовых органов по типу недержания мочи и кала, обусловленные заболеваниями и/или последствиями травм;
2) недержание мочи и кала вследствие психических расстройств, обусловленных нарушением контроля за своим поведением;
3) нарушение функции тазовых органов по типу недержания мочи и кала вследствии травм мочевыводящих путей и прямой кишки, врожденных аномалий спинного мозга, мочевыводительной системы и желудочно-кишечного тракта.
2. Медицинские показания к обеспечению инвалидов мочеприемниками и калоприемниками являются наличие стомы кишечника или мочевого пузыря.
Согласно изменениям вступившим в силу от 29.07.2017года увеличилось количество и наименование гигиенических средств необходимых для для улучшения качества жизни инвалидов.

Порядок обеспечения обязательными гигиеническими средствами.
1. Инвалиды обеспечиваются обязательными гигиеническими средствами на основании заявлений и ИПР, разработанной в соответствии с медико-социальными показаниями и противопоказаниями согласно приложению 1 к настоящим Правилам.
2. При соответствии пакета документов, в течение десяти рабочих дней со дня приема документов горуправления, отделы занятости направляют заявителю уведомление об оформлении документов в произвольной форме на предоставление обязательных гигиенических средств (далее – уведомление).
Горуправления, отделы занятости после выдачи уведомления ежеквартально 5 числа месяца, следующего за отчетным кварталом, составляют списки об инвалидах, подлежащих обеспечению обязательными гигиеническими средствами и формируют потребность в обязательных гигиенических средствах, с указанием их перечня и количества.
3. На основании сформированной потребности горуправления, отделы занятости проводят закуп обязательных гигиенических средств в соответствии с законодательством Республики Казахстан о государственных закупках.
4. Горуправления, отделы занятости проводят выдачу обязательных гигиенических средств по списку с указанием фамилии, имени, отчества (при его наличии) инвалида, даты рождения, места проживания, наименования полученного обязательного гигиенического средства, количества, даты получения, отметки в получении.
5. Обязательные гигиенические средства предоставляются инвалидам с месяца обращения.
6. Обязательные гигиенические средства выдаются инвалидам на год в следующем количестве:
1) подгузники – 730 штук;
2) мочеприемники – 365 штук;
3) калоприемники – 365 штук;
4) впитывающие простыни (пеленки) – 365 штук;
5) катетер – 12 штук;
6) паста-герметик для защиты и выравнивания кожи вокруг стомы – 12 штук;
7) крем защитный – 12 штук;
8) порошок (пудра) абсорбирующий – 12 штук;
9) нейтрализатор запаха – 12 штук;
10) очиститель для кожи – 12 штук.
8. Кресло-стул с санитарным оснащением, опорные откидные поручни для туалетных комнат, поручни для ванных комнат заменяются не ранее, чем через 4 года.
