Генералдар кеңесі Халықтық коалицияның үгіт-насихат іс-шараларына белсенді қатысып келеді
♾Генералдар кеңесі Халықтық коалицияның үгіт-насихат іс-шараларына белсенді қатысып келеді 💬Сайлау науқаны басталғалы бері Генералдар кеңесі үгіт-насихат науқанына белсенді қатысып, жұртшылықпен, ардагерлердің отбасыларымен кездесіп, Халықтық коалиция ұсынған кандидаттың сайлауалды бағдарламасының басымдықтарын талқылап жатыр. 💬Бүгін «Генералдар кеңесі» Республикалық қоғамдық бірлестігінің мүшелері Халықтық коалицияның республикалық штабында сайлау науқанының барысын талқылады. Сондай-ақ, қоғамдық бірлестіктің өкілдері үгіт-насихат және талдау орталықтарының, кандидаттың қоғамдық қабылдау бөлмесінің, медиа-штабтың, сенімді өкілдерді үйлестіру орталығының және байқаушылар штабының қызметімен егжей-тегжейлі танысты. «Генералдар кеңесі» РҚБ мүшесі, генерал-майор Дәулет Салханов дауыс беру күні Қазақстанның әрбір азаматы өзінің азаматтық ұстанымын тек сөз жүзінде ғана емес, нақты іс жүзінде танытқаны маңызды екенін атап өтті. 🗣«20 қарашада мемлекет тағдыры, халық тағдыры таразыға түседі. Отандастарымыз үйінде отырмай, сайлау учаскелеріне барып, өз дауысын беріп, сол арқылы сайлау құқығын жүзеге асырулары керек», – деді ол. Өз кезегінде, «Генералдар кеңесі» РҚБ мүшесі, генерал-майор Өміртай Бітімов «Кездесуге қатысқан азаматтар пікір, тәжірибе алмасып, үгіт-насихат жұмысын жүргізуге қатысты орамды ой-пікірлерін ортаға салды», деп атап өтті. #Toqaev2022
