Мазмұнға өту
Обложка сообщества Разное

Газ тарифіне наразылық білдірген тұрғындар жиналды.

Түсіндіру жұмыстарын Қарасай ауданының әкімі Ж.Естенов, «AMANAT» партиясының өкілі Қ.Айтжанов, аудан прокурорының орынбасары А.Заманбек және «Сигма-Газ» ЖШС өкілдері жүргізді.

Айта кетейік, бүгінгі күні ауылда табиғи газ үшін тариф текше метрі үшін 34,75 теңгені құрайды. Салыстырмалы түрде алсақ, Қаскелең қаласындағы газ бағасы текше метрі үшін – 26,89 теңге.

Қарасай ауданы тұрғындарын газбен қамтамасыз етіп отырған кәсіпорындардың тарифтегі айырмашылығы тұрғындардың наразылығын тудырды. Мәселен, «Алматыгазсервис-Холдинг» АҚ-да халық үшін табиғи газ тарифі текше метріне 26-27 теңгені құраса, «Сигма Газ» ЖШС-де – 34 теңге 75 тиын. Аталған ЖШС Қарасай ауданы бойынша Шамалған, Жандосов, Шалқар, Қайрат, Еңбекші, Құмарал, Үштерек және Арай, Дархан саяжайларын көгілдір отынмен қамтамасыз етеді. Абоненттердің жалпы саны – 9906.

Халық наразылығына қатысты түсінік берген аудан әкімдігі тарифтер бойынша жұмыс комиссиясы құрылатынын мәлім етті.

Осы фактіні ескере отырып «Сигма Газ» ЖШС тарифінің және қосылу тарифтерінің қалыптасуын тексеру бойынша қоғамдық өкілдерден тұратын жұмыс комиссиясын құру туралы шешім қабылданды. Сондай-ақ 25 қаңтарға дейін комиссия атқарылған жұмыс туралы есеп беретін болады.

0
0
283

Осы тақырып бойынша

Газ тарифіне наразылық білдірген тұрғындар жиналды. - Yvision.kz