Галимов Ернар Бахтиярұлының сайлауалды бағдарламасы
Менің сайлауалды бағдарламам.
алдағы 4 жылда:
📷2021 жылы 320 орындық дене шынықтыру және сауықтыру кешенінің құрылысы аяқталады;
📷2021 жылы Қоныс ауылына таза су қондырғысының орнатылуына ықпал етемін;
📷 2022 - 2024 жылдары Казталов ауылында 3 қабатты
45 пәтерлі екі тұрғын үй салынады;
📷2022 жылы Казталов ауылы жолдарына асфальттау жұмыстары жүргізіледі, Қоныс ауылына кірме жолы салынады;
📷 2022 жылы Қоныс ауылындағы мектеп ғимараты жаңадан салып, Казталов мектеп-лицейі ғимараты жөнделеді;
📷2023 жылы Бозоба және Сексенбаев ауылдарына таза ауыз су мен газ желісі тартылады.
Мен бюджеттің шектеулі екенін түсінемін, сондықтан қосымша қаржыландыру көздерін іздеу арқылы:
📷 Округ ауыл тұрғындарын егін және бау-бақшамен айналысуға тартуға;
📷Демеушілердің көмегімен Казталов ауылының тұрғындары үшін қоғамдық монша ашуға
күшімді саламын.
📷Казталов ауданы шекаралық аймаққа жататындықтан, ауылдық округте жастардың тұрақталып қалуына, оларға жұмыс көздерін қарастыруға, қолайлы жағдай жасауға;
📷Ауылдан шыққан танымал кино және театр актрисасы, театр қайраткері, профессор, КСРО және Қазақстанның халық әртісі, КСРО Мемлекеттік сыйлығының лауреаты, Қазақстан Республикасының ең жоғарғы «Отан ордені» иегері Қадиша Бөкееваның мəдени-рухани мұрасын насихаттауға
үлесімді қосамын.
