Галимов Ернар Бахтиярұлы
Мен, Галимов Ернар Бахтиярұлы,
осы Казталов ауылдық округінде өстім.
Дене шынықтыру және спорт мамандығы бойынша жоғары білім алған соң, Мирон
орта мектебінде дене шынықтыру пәнінің мұғалімі болып жұмыс жасадым.
Кейін Богатырев орта жалпы білім беретін мектебі директорының тәрбие ісі жөніндегі орынбасары, мектеп директоры қызметтерін атқардым. Содан соң Тереңкөл ауылдық округінің әкімі қызметінде болдым.
Қазіргі уақытта Казталов ауданының мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімінің басшысы қызметін атқарамын. Мені де, менің отбасымды да бәріңіз жақсы білесіздер.
Елмен етене араласып жүргендіктен ауыл тұрғындарының
күн сайынғы қиындықтарын бір кісідей білемін. Жолдардың нашарлығы, таза сумен қамсыздандыру, ауылдарға газ тарту, мал азығы, әлеуметтік нысандарды күрделі жөңдеу қажеттілігі мәселелері бәрімізді де толғандырады.
Мен ауылдастарымды қинайтын мәселелерді жастық жігерімді, осы күнге дейін жинаған тәжірибемді пайдалана отырып, өздеріңізбен бірлесе отырып шешкім келеді. Ол үшін, құрметті ауылдастарым, маған Сіздердің қолдауларыңыз керек!
Мені əкім етіп сайласаңыздар,
алдағы 4 жылда:
2021 жылы 320 орындық дене шынықтыру және сауықтыру кешенінің құрылысы аяқталады;
2021 жылы Қоныс ауылына таза су қондырғысының орнатылуына ықпал етемін;
2022 - 2024 жылдары Казталов ауылында 3 қабатты
45 пәтерлі екі тұрғын үй салынады;
2022 жылы Казталов ауылы жолдарына асфальттау жұмыстары жүргізіледі, Қоныс ауылына кірме жолы салынады;
2022 жылы Қоныс ауылындағы мектеп ғимараты жаңадан салып, Казталов мектеп-лицейі ғимараты жөнделеді;
2023 жылы Бозоба және Сексенбаев ауылдарына таза ауыз су мен газ желісі тартылады.
Мен бюджеттің шектеулі екенін түсінемін, сондықтан қосымша қаржыландыру көздерін іздеу арқылы:
Округ ауыл тұрғындарын егін және бау-бақшамен айналысуға тартуға;
Демеушілердің көмегімен Казталов ауылының тұрғындары үшін қоғамдық монша ашуға
күшімді саламын.
Казталов ауданы шекаралық аймаққа жататындықтан, ауылдық округте жастардың тұрақталып қалуына, оларға жұмыс көздерін қарастыруға, қолайлы жағдай жасауға;
Ауылдан шыққан танымал кино және театр актрисасы, театр қайраткері, профессор, КСРО және Қазақстанның халық әртісі, КСРО Мемлекеттік сыйлығының лауреаты, Қазақстан Республикасының ең жоғарғы «Отан ордені» иегері Қадиша Бөкееваның мəдени-рухани мұрасын насихаттауға
үлесімді қосамын.
https://www.facebook.com/profile.php?id=100015344809237&__cft__[0]=AZUDCo29QSF6Xu_e393-mMX3QNq1OQZYJWy52COnnALlN_SiHdtk6DZzJx7vLss90HRqECKgj6cSs0Dl-z-c7TLeLY7oYJq1jXsS1UPNmXRkA1gmR0nmEm_VLqv3kV_WuKdbNeppjg0_8w8Y_lswK8gE78S6m8lRKWNzgvp5dDPRtg&__tn__=-UC%2CP-R
