Мазмұнға өту
Обложка сообщества Әртүрлi

Гүлназ Жоланованы туған күнімен құттықтаймыз!

Бүгін, қарашаның 12 жұлдызы «Махаббатым жүрегімде» телехикаясында басты рөлді сомдаған Гүлназ Жоланованың туған күні!

Гүлназды осы керемет күнімен құттықтаймыз және шығармашылық табыс тілейміз!

Достар, құттықтауларымызға қосылыңыздар!

Маңғыстаулық Гүлназ 21 бойжеткеннің ішінен дараланып, жас сұлулар арасында «Қазақ аруы» байқауының жеңімпазы атанды. Белгілі продюсер Баян Есентаеваның бастамасымен осымен төршінші жыл қатарынан ұйымдастырылып отырған байқауға білім мен тәрбиені бойына қатар сіңіріп, халқымыздың дәстүрі мен мәдениетін басты құндылық тұтқан арулар қатысты.

-Мені өнерге жолына жетелеп әкелген анам-Меруерт. Одан әрі менің талабымды ұштап, жетістіктерге жетелеген ұстазым-Серік Сариев болатын.

Қазіргі таңда  Алматы қаласындағы Қазақ ұлттық университетінде география факультетінде білім алып жатырмын. Болашақта өнер жолына толықтай бет бұруым да мүмкін.

0
0
414

Осы тақырып бойынша