Гүл шоқтарын қою
15 ақпан кеңес әскерлерінің Ауған аумағынан шығарылуына 32 жыл толуына орай, бүгін орталық алаңда санитарлық талаптарды сақтай отыра, гүл шоқтарын қою рәсімі өтті. Сонымен қатар, Аягөз қаласының қорғаныс істері жөніндегі біріктірілген бөлімінде жасөспірімдерді шақыру пунктіне тіркеу куәлігі берілді.

