Француз тілін үйренемін деушілерге!
Француз тілін үйренудің сан мыңдаған тәсілдері бар: тіл үйрететін түрлі онлайн, офлайн курстар, телефон немесе компьютерге арналған бағдарламалар, өз бетіңмен үйреніп бастау және тағы басқалары. Қазақстанда ағылшын тілінен бөлек өзге шет тілдерін үйрететін университеттер айтарлықтай көп емес. Біз осы қиын таңдау жолында әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университетін таңдадық.Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті – Қазақстандағы ең ірі оқу орындарының бірі. Университет әлемдік ғылыми және білім кеңістігінде өзінің жоғары бәсекеге қабілеттілігін жылдар бойы дәлелдеп келеді. Ол әлем бойынша университеттердің Round University Ranking рейтингінде ұсынылған жалғыз қазақстандық ЖОО болды.Сонымен қатар, әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің дәстүрі бай, оқу-ғылыми қызметте көп жылдық тәжірибесі бар университет. Университет Қазақстан Республикасы жоғары білім беру жүйесінің жетекші оқу орны, бірінші болып мемлекеттік аттестациядан өтіп, барлық мамандықтар мен деңгейлер бойынша білім беру қызметін жүзеге асыру құқығын алған.Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ Қазақстан университеттерінің жалпы рейтингінің көшбасшысы, ел тарихындағы тұңғыш Қазақстан Республикасы Президентінің «Сапа саласындағы жетістіктері үшін» сыйлығының иегері. Жоғары білікті мамандарды даярлауға, әлемдік білім кеңістігіне одан әрі кірігуге, іргелі және қолданбалы зерттеулерді дамытуға, оларды өндіріске енгізуге бағытталған университеттің орасан зор білім беру, ғылыми, рухани-ағартушылық, инновациялық және өндірістік әлеуеті бар.Ал университеттің Филология факультетінің тұғыры М. Әуезов, Ә. Марғұлан секілді қазақ тарихында теуіп тұрып орын алатын дарынды әрі асыл азаматтарымыздың қолымен қаланған. Факультеттің Ә. Кекілбаев, Ә. Нұрпейісов, Қ. Жұмаділов, Д. Исабеков және т.б. түлектері де қазақ жұртына кеңінен мәлім ақын-жазушылар. Түркітану және тіл теориясы кафедрасы құзіретті тіл мамандарын оқытып келеді. Мұнда ағылшын және француз тілдерінен бөлек, неміс, түрік және қытай тілдері бар.
