Фракцияның бірінші отырысы өткізілді.
«Nur Otan» партиясы Жаңақала аудандық филиалы фракциясының бірінші отырысы өткізілді.
Партия Жарғысына сәйкес фракция өз жұмысын бастап, күн тәртібіндегі бес мәселені қарады. «Nur Otan» партиясы Жаңақала аудандық филиалының төрағасы Қарағойшин Наурызбай Қадырбайұлы бірінші мәселе бойынша фракция төрағалығына Қожахметова Лариса Тұрарқызын ұсынды.
Екінші мәселе бойынша маслихат хатшылығына үміткер ретінде Закарин Дархан Әмірханұлын сессияға ұсынды.
Үшінші мәселе бойынша аудандық маслихаттын VII шақырылымның бірінші өтетін сессия төрағалығына Жардемалиев Серік Жүсіпбекұлы ұсынылды.
Төртінші мәселе бойынша аудандық мәслихаттағы тұрақты комиссияларының төрағаларына үміткерлер ұсынылды.
Соңғы мәселе бойынша аудандық фракцияның міндеттері мен атқаратын қызметі туралы аудандық филиал төрағасының бірінші орынбасары Р.Саматов фракция мүшелерін таныстырды.
Барлық мәселелер бойынша фракция мүшелеріне дауысқа қойылып, бірауыздан қолдау тапты.
