ru
Default banner
Разное
426 450 жазбалар45 тіркелуші
Всяко-разно
0

Фракция отырысы жөнінде "Жайық таңы" сайтына шыққан публикациясы

Фракция отырысында

«Nur Otan» партиясы қоғамдық бірлестігі Батыс Қазақстан облысы Ақжайық аудандық филиалының төрағасы Қалияр Айтмұхамбетовтың қатысуымен депутаттық фракция отырысы өтті.

Партия фракциясының екінші отырысындағы күн тәртібінде фракция мүшелері партияның «Өзгерістер жолы. Әр азаматқа лайықты өмір» сайлауалды бағдарламасын іске асыру бойынша іс-шаралар жоспары, яғни Жол картасын талқылап, филиалдың саяси кеңесінің бюросына бекітуге жолдады.

Отырыста аудандық филиалдың сайлауалды бағдарламасын жүзеге асыру барысында атқарылатын жұмыстар фракция мүшелеріне бөлініп берілді. Жиында сөз сөйлегендер жеті бөлімнен тұратын Жол картасының аудан дамуын ілгерілету бойынша алға қойған міндеттерін іске асыруға күш салатындарын айтты.

Күн тәртібіндегі мәселелер толық қаралып ,шешім қабылданды.

Фракция отырысына партия төрағасының орынбасары Айжан Нысанбаева жетекшілік етті.

https://www.facebook.com/262992724078262/posts/1394634734247383/