Фракция отырысы өтті
Бүгін Қаратөбе аудандық мәслихатындағы «Nur Otan» партиясы депутаттық фракциясының жетекшісі Нұрлан Меңдешовтың төрағалығымен фракцияның кезекті отырысы онлайн форматта өтті. Отырысқа фракция мүшелері қатысты. Күн тәртібінде Қаратөбе аудандық мәслихатының «Nur Otan» партиясы депутаттық фракциясының 2021 жылдың бірінші жарты жылдығында атқарылған жұмыстарының есебі тыңдалды.
Фракцияның екінші отырысында партияның «Өзгерістер жолы: Әр азаматқа лайықты өмір!» сайлауалды бағдарламасын жүзеге асыру мақсатындағы алдағы 2021-2025 жылдары атқарылуға тиісті міндеттер нақтыланып, осы міндеттерді іске асыру жөніндегі Жол картасы талқыланды. Партияның Қаратөбе ауданы бойынша сайлауалды бағдарламасының 7 басым бағыттарын қамтып, жүзеге асыруда Жол картасына 67 шара енгізіліп, әр шараның іске асырылуына жауапты тұлғалар мен партиялық фракция депутаттары белгіленді. Сонымен қатар, отырыста әр шараның іске асырылуы мерзімдері мен оны жүзеге асырудағы болжамды шығындар көлемі нақтыланды.
Депутаттық фракция жанындағы комиссияның ҚР мемлекеттік «Нұрлы Жер» бағдарламасының «Әлеуметтік инфрақұрылымды дамыту» бағыты бойынша Ұлттық қордан және бюджеттен бөлінетін қаржыны мақсатты түрде әрі тиімді пайдаланылуын бақылау бойынша атқарылатын жұмысына жоспар жасақталған. «Нұрлы Жер» бағдарламасы бойынша 2020 жылы іске асырыл¬ған 67 тұрғын үй құрылысы, жер телімдерін беру үшін жасалған инфрақұрылым бұл ауданнның халқының тұрақтануына үлкен септігін тигізері анық. Комиссияның партиялық бақылау рейдтерінің барысында ағымдағы жылы 9,2 км жол құрылысының жүру барысы, сол секілді күрделі жөндеуден өтіп жатқан «Қаратөбе» спорт клубы мен аудандық орталықтандырылған кітапхананың күрделі жөндеу жұмыстары қаралып, шешімін талап ететін мәселелер қарастырылды. Атап айтар болсақ, жол құрылысының сапалы салынуын үнемі басты назарда ұстау үшін ауыл белсенділерінен арнайы бақылаушы топ құрылды. Оның міндеті ауылда жүргізіліп жатқан құрылыс, жол сапасын тәуелсіз бақылау болмақ. Осындай жұмыстардың нәтижесінде ЖСҚ қаралмаған қосымша 21 жерге су ағар орнату енгізілді. Фракция жетекшісі, аудандық мәслихат хатшысымен бірге ауылдық округтерде болып, тұрғындармен кездесіп, округтегі қоғамдық келісім кеңесінің мүшелерімен кездесіп ауылдағы күрделенген, шешімін күтіп тұрған, қаржы мәселесі кедергі келтіріп тұрған тағы да басқа мәселелермен танысып қайтты. Олардың ішінде Б.Қаратаев атындағы орта мектептің акт залы мен спорт залына күрделі жөндеу қажеттігін аудан әкімдігі мен білім бөлімінің басшысына, облыстық білім бөлімінің басшысына мәселе етіп көтерді. Депутаттық фракция алда тұрған міндеттердің орындалуын қамтамасыз ету бойынша қажетті жұмыстарды жүргізе бермек.
