Мазмұнға өту
Обложка сообщества Разное

Фракция отырысы өтті.

Фракция отырысы өтті.

Тасқала аудандық филиалында депутаттық фракциясының жетекшісі Люция Жұбанышқалиеваның төрағалығымен фракцияның отырысы онлайн форматта өтті. Отырысқа аудандық маслихат хатшысы Жанар Бисенгалиева және фракция мүшелері қатысты. Күн тəртібіне енгізілген мәселеге қатысты фракция жетекшісі Л.Жұбанышқалиева Жол Картасының 2021-2025 жылдарға арналған «Өзгерістер жолы: Әр азаматқа лайықты өмір» сайлауалды бағдарламасының орындалуы бойынша 2021 жылдың І жырты жылдығында атқарған жұмыстары туралы есебі тындалды. Депутаттық фракция мүшелері сайлаушылардың аманаттарын орындау, олардың мұң-мұқтаждарын шешу бағытында жүйелі жұмыстарды жүргізуде. Осы мақсатта олар бекітілген кестеге сай қоғамдық қабылдаулар өткізіп, тұрғындармен тығыз қарым-қатынастар жасауда. Фракция мүшелері өз өкілеттіктер шегінде мүдделі мекеме-ұйымдармен бірлесе отырып тұрғындар тарапынан қойылған мәселелердің оң шешілеуіне барынша атсалысуда. Жиын соңында фракцияның жұмысын оңтайландыру мақсатында фракция мүшелері тарапынан нақты ұсыныстар берілді және алдағы уақытта бұл ұсыныстар жұмысқа алынатын болады.

1
0
200

Осы тақырып бойынша

Фракция отырысы өтті. - Yvision.kz