Фракция отырысы өтті.
Фракция отырысы өтті.
2021 жылдың 7 сәуір күні Ақжайық аудандық филиал төрағасының бірінші орынбасары, фракция жетекшісі А.Нысанбаеваның төрағалығымен кезекті фракция отырысы белгіленген күн тәртібі бойынша өтті. Отырыс барысында «Nur Otan» партиясы Ақжайық ауданы бойынша сайлауалды уәделерінің орындалуы туралы айтты. Ең алдымен партияның сайлауалды уәделерінің орындалуына жүйелі бақылау, қаржы қаражатының тиімді және ашық жұмсалуына мониторинг жүргізу қамтамасыз ететінін ескертті. Келесі күн тәртібіндегі мәселе бойынша Базартөбе ауылдық округінің әкімі Б.Қыдырғожиннің 2020 жылдың әлеуметтік-экономикалық даму қорытындылары және 2021 жылға арналған жоспарлары туралы тыңдалды. Халықты әлеуметтік қорғау саласында атқарылған жұмыстар туралы – бөлім басшысы Ж.Нұржанова сөз алды. Жиын соңында фракция мүшелері ұсыныс, пікірлерін айтып, жұмыстарына сәттілік тіледі.
📷
📷
9Сабира Сундетова, Ибрашева Алтынай и ещё 7
