ru
Default banner
Разное
426 298 жазбалар48 тіркелуші
Всяко-разно
0

Фракция отырысы өтті

Отырысқа аудандық партия филиалы төрағасының бірінші орынбасары, аудандық депутаттық фракция жетекшісі Қаныбек Айтжанов, аудандық мәслихат хатшысы Бауыржан Айнабеков, аудандық мәслихат депутаттары, бөлім басшылары қатысты. Өңір дамуы үшін маңызды құжат аудандық сайлауалды бағдарламасын іске асыру бойынша Жол картасы қаралды. Жол картасына барлық сала қамтылған, мысалға: Қарасай ауданының аумағын дамытудың 2021-2025 жылдарға арналған бағдарламасын іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспарымен үндестіріліп, қатар жүреді. Экономикалық тұрақты аймақ құру үшін лайықты жалақысымен жаңа жұмыс орындарын құру, азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз ету, кәсіпкерлікті қолдау және туризмді дамыту міндеттері тұр. Ыңғайлы аймақ бағытында жолдардың сапасын жақсарту, тұрғын үймен қамтамасыз ету, сапалы ауыз сумен және сумен қамтамасыз ету мәселелері шешіледі. Әлеуметтік бағдарланған аудан дегеніміз – бұл медициналық көмек, білім беру сапасын арттыру, бұқаралық спортқа жағдай жасау. Жастарға арналған аудан бағытында - жұмыспен қамту, оқыту және тұрғын үй мәселесін шешу негізгі міндеттер болып табылады. Қалған үш бағыт бойынша да нақты міндеттер анықталған. Жалпы, Жол картасының жеті бағыты бойынша алдағы бес жыл ішінде 21 индикатор мен 89 іс-шара қарастырылған.