ru
Default banner
Разное
426 450 жазбалар45 тіркелуші
Всяко-разно
0

Фракция отырысы өтті

Фракция отырысы өтті

Тасқала ауданында «Nur Otan» партиясы аудандық филиалы фракциясының отырысы өткізіліп, оған депутаттар қатысты. Жиынды «Nur Otan» партиясы аудандық филиал төрағасы,аудан әкімі Алдияр Сансызбайұлы Халелов төрағалық етті.

Жиын аясында алдымен «Nur Otan» партиясы Тасқала ауданы бойынша сайлауалды бағдарламасын іске асыру бойынша іс-шаралар жоспары, яғни Жол карта талқыланды. Сайлауалды бағдарламаны түгелдей қамтыған Жол картасы бойынша әр салаға депуттаттар бекітіліп, олар жасаған жұмыстары бойынша есеп беріп отыруға міндеттелді. Аталған мәселе бойынша бекітуді Саяси Кеңес бюросына ұсынылды.

Сонымен қатар күн тәртібіндегі екінші мәселе бойынша Тасқала аудандық мәслихатындағы "Nur Otan" партиясы фракциясының 2021 жылға арналған жұмыс жоспарымен «Nur Otan» партиясы аудандық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Л.Жұбанышқалиева таныстырып, филиалдың Саяси Кеңес Бюросына келісім алуға ұсынды.

Люция Жұбанышқалиева, Тасқала аудандық мәслихатының депутаты, аудандық филиал төрағасының бірінші орныбасары:

Бүгін Тасқала аудандық «Nur Otan» партиясы депутаттық фракциясының отырысы өтті.

Күн тәртібінде өте маңызды мәселе - «Nur Otan» партиясының сайлауалды бағдарламасын іске асыру жөніндегі 2021-2025 жылдарға арналған Тасқала ауданының Жол картасы жобасын талқылау болды. Кездесу барысында фракцияның әрбір мүшесі Жол картасының мазмұны туралы өз пікірлерімен бөлісіп, алдағы жұмыс туралы өздерінің көзқарасын айтып өтті. Біз ауданның әрбір тұрғынының жайлы өмір сүруі үшін барлық мүмкіндіктерді қарастыратын боламыз.Жол картасы аудан дамуының көрсеткіші деп білемін. Осыған әрқайсымыз үлес қосып , бүгінімізді бекем, болашағымызды кемел қылуға еселі еңбек етуге тиіспіз.

Нұр Ғаббасов, Тасқала аудандық мәслихатының депутаты, «Нұр» ЖК директоры:

- "Nur Otan" партиясының 2025 жылға дейінгі «Өзгерістер жолы: Әр азаматқа лайықты өмір!» атты сайлауалды бағдарламасы – біз қолға алған реформалардың заңды жалғасы. Жаңа бағдарлама – аса ауқымды, бірақ нақты жоспарланған, қажетті ресурстармен қамтамасыз етілген мақсаттар мен бағдарлар жиынтығы.

Депутат ретінде барлық ынта жігерімді ел дамуына арнайтын боламын.

Ансағаным Бақтыгереева Тасқала аудандық мәслихатының депутаты, аудандық орталықтандырылған аурухананың врач кардиологы:

Бүгін Тасқала аудандық «Nur Otan» партиясы депутаттық фракциясының отырысы өтті.

Тасқала ауданының Жол картасы-бұл құжатта аудан тұрғындарының әл-ауқатының өсуін қамтамасыз ететін 7 бағыт бойынша айқын мақсаттар мен нақты іс-әрекеттер көрсетілген.

Мен медицина саласы маманымын.Сондықтан ауданымызда осы саланың әрі қарай дамуы үшін еңбектенетін боламын. Бағдарлама бар, жоспар нақтыланды. Халықтың сеніміне лайықты, сайлауалды бағдарламаны іске асыруда әріптестерім белсенділік танытады деп ойлаймын.

"Nur Otan" – Қазақстанның қарқынды дамып, өркендеуін мақсат тұтқан партия. Ол – еліміздегі жетекші саяси күш!