ru
Default banner
Разное
426 450 жазбалар45 тіркелуші
Всяко-разно
1

Фракция отырысы өтті

Жаңақала аудандық «Nur Otan» партиясының фракциясының отырысы өткізілді. Отырысқа аудандық филиалдың төрағасы Қарағойшин Наурызбай Қадырбайұлы және фракция мүшелері қатысты. Офлайн форматта өткізілген жиын барысында «Nur Otan» партиясы Жаңақала ауданының сайлауалды бағдарламасын іске асыру бойынша іс-шаралар жоспары, яғни Жол картасы талқыланды. Әрбір бағыт бойынша нысаналы индикаторлармен мерзімдер қойылып, фракция мүшелерінен жауапты орындаушылар белгіленді.

Елбасы, партия Лидеры Н.Назарбаев: "Nur Otan" партиясының депутаттары әрбір өңірде, қала мен аудандарда барлық сайлауалды міндеттемелердің орындалуына жүйелі бақылауды қамтамасыз етуі тиіс", – деген. Сондықтан да, халықтың сенімінен шығу үшін депутаттарға үлкен жүк артылып отыр.