ru
Default banner
Разное
426 450 жазбалар45 тіркелуші
Всяко-разно
0

Фракция мүшесі Самал Дошанованың Фракция отырысы жөнінде жазған посты

Аудандық мəслихатта "Nur Otan" партиясының фракция мүшелерінің отырысында партияның аудандық филиалының сайлауалды бағдарламасын жүзеге асыру барысында фракция мүшелеріне атқаратын жұмыстары бөлініп берілді. Жұмыссыздық деңгейін төмендету, əлеуметтік жағдайы төмен отбасы балаларын жəне мұғалімдерді компьютермен қамту, жөндеу қажет ететін мектептерді күрделі жөндеуден өткізу, Атамекен ауылына жаңа мектеп ғимаратын салу, Базартөбе, Байсықов атындағы, Ғ.Махамбетов атындағы, Жаңабұлақ мектептерін, Тайпақ мектеп-гимназиясын жөндеуден өткізу, көп балалы отбасындағы мектеп жасындағы балаларға əлеуметтік көмек беру, аудан мектептеріне интернет жылдамдығын арттыратын құрылғы орнату, педагог кадрлар арасында шебер, зерттеуші, модератор деңгейлерінің санын 83%-ға дейін арттыру сынды жұмыстар менің құзырыма берілді. Мақсат айқын, жұмыс межелі. Сондықтан бар күш-жігерімді аталған жұмыстарды жүзеге асыру жолында жұмсайтын боламын. Бірлігіміз бекем, тірлігіміз тындырымды болсын, ағайын!

https://www.facebook.com/photo?fbid=440900137323770&set=a.111280863619034