ru
Default banner
Разное
426 450 жазбалар45 тіркелуші
Всяко-разно
0

Фракция мүшелеріне арналған семинар өтті

Бүгін «Nur Otan» партиясы Қызылорда облыстық филиалында фракция мүшелеріне арналған әдістемелік семинар болып өтті.

Семинарға «Nur Otan» партиясы Қызылорда облыстық филиалы төрағасының бірінші орынбасары, облыстық мәслихаттағы «Nur Otan» партиясы фракциясының жетекшісі Ләйлә Төрешова төрағалық жасады.

Семинарға барлық деңгейдегі мәслихаттардағы фракция мүшелері де ZOOM платформасы арқылы қатысты.

Жиында фракция мүшелерінің міндеттері мен құқықтары, фракция жұмысы және оның негізгі бағыттары мен фракция алдында тұрған негізгі міндеттер, фракция мүшелерінің қоғамдық қабылдау бөлмелерінде қабылдау жүргізу тәртібі туралы хабарламалар жасалып, депутаттар тарапынан ұсыныс пікірлер айтылды