Фракция мүшелері онлайн форматта Болашақ бастауыш партия ұйымының мүшелерімен кездесу өткізді.
4 желтоқсан күні "Nur Otan" партиясы Қазталов аудандық филиалының фракция мүшелері онлайн форматта Болашақ бастауыш партия ұйымының мүшелерімен кездесу өткізді.
Кездесуде "Nur Otan" партиясы Қазталов аудандық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Е.Бекмулдин, - еліміздің саяси, әлеуметтік-экономикалық дамуына қатысты "Nur Otan" партиясының бағдарламалық ұстанымының дұрыстығын уақыттың өзі дәлелдеп келеді. Әрі бұл ұстаным нақты істерімен дәлелденуде. Әсіресе, бастауыш партия ұйымдары (БПҰ) – "Nur Otan"-ның негізгі тірегіне, шынайы күшіне айналды. Елбасы, партия Төрағасы Нұрсұлтан Назарбаев өз Жолдауларын, басқа да бағдарламаларын жүзеге асыруда БПҰ-ның рөлі ерекше екеніне тоқталып өтті.
Кездесуде бастауыш партия ұйымының төрағасы Досжан Ахметов бастауыш партия ұйымының осы жылда атқарылған жұмыстардан есеп беріп, алда тұрған жоспарлармен таныстырды.
