Фракция депутаттарының көп балалы аналармен кездесуі
Бүгін «Nur Otan» партиясы Төлеби аудандық филиалының мәжіліс залында көп балалы отбасыларға мемлекеттік қолдау көрсету мақсатында көп балалы аналармен кездесу ұйымдастырылды. Жиынға аудандық маслихат депутаты Р.Сайлауұлы қатысып аналарымызға жалпы әлеуметтік сала бойынша толық ақпарат беріп, түсіндіру жұмыстарын жүргізді.
Кездесу барысында көп балалы аналардың тұрмыстық жағдайын жақсарту, білім беру жүйесін дамыту және басқа да әлеуметтік салаларға қатысты мәселелер талқыланды.
Сонымен қатар, партия белсенділері көп балалы аналардың тұрғын үй жағдайларын, медициналық көмек алу мәселелерін бақылауға алды.
