Мазмұнға өту
Обложка сообщества Разное

Филиал төрағасы Ж.Асантаев 67 тұрғын үйдің тұрғындарын жұмысшы топпен бірге аралап көрді

«Nur Otan» партиясы Қаратөбе аудандық филиалына филиал төрағасы Ж.Асантаевтың атына осы жылдың наурыз айында пайдалануға берілген 67 тұрғын үйдің тұрғындары атынан 26 сәуір күні қабылдауын сұраған арыз келіп түскен болатын. Аудан әкімі, филиал төрағасы Жанат Асылханұлы арызбен мұқият танысып, тұрғындарды аудан әкімінің қабылдау бөлмесінде барлық санитарлық талаптарды сақтай отырып қабылдап, тұрғындардың арызда көрсетілген өтініш – тілектерін өз ауыздарынан тыңдады. Қабылдауға филиал төрағасының бірінші орынбасары Н.Меңдешов, аудан әкімінің орынбасары Р.Нәсіпқалиев және тиісті сала мамандары қатысты. Қабылдауға келген тұрғындардың талап-арыздарының негізі өздері жаңадан кірген үйлердің сапасына наразы екендіктерін айта келіп, мердігер компаниялардан кеткен кемшіліктерді орнына келтіруін шапшаңдатуын сұрады. Аудан әкімі, орынбасары, тиісті мамандар тұрғын үйдің ЖСҚ – ға сәйкес салынғандығын, егер үйлерде кейбір ақаулар болатын болса мердігерлер екі жылға дейін жасап қалпына келтіріп беруге міндетті екендігін ескертіп, бүгінгі таңда алғашқы ұйымдастыру жұмыстары жүргізіліп жатқандын түсіндірді. Сонымен қатар аудан әкімі Жанат Асылханұлы жұмысшы тобын құрып, барлық үйлерді тұрғындардың қатысуымен жеке-жеке аралап, кеткен кемшіліктер бойынша акт толтырып, мердігер компанияларға тапсыру туралы ұсынысын айтты. Осы ұсыныс негізінде 28 сәуір күні аудан әкімі өзі бастап жеке тұрғын үйлерді жұмысшы топпен бірге аралап көрді, тұрғындармен сол тұрғын үйлер жанында кездесіп, әңгімелесті. Жұмысшы топ кесте жасақтап барлық үйді осылай аралап акт жасақтайтындығы тағы бір мәрте ескертілді. Бұл жұмыстардың сапалы орындалуын партия төрағасы өзі бақылауында ұстайтындығын жеткізді. Тұрғындар да осы шешімге келісіп, мердігерлер кеткен кемшіліктерді орнына келтіріп берсе басқа талаптарының жоқ екендіктерін айтты.

0
0
143

Осы тақырып бойынша

Филиал төрағасы Ж.Асантаев 67 тұрғын үйдің тұрғындарын жұмысшы топпен бірге аралап көрді - Yvision.kz