Мазмұнға өту
Обложка сообщества Разное

«ФЕРМЕРЛЕРГЕ БІР ҚАДАМ» форумы өтті.

«Nur Otan» партиясы Келес аудандық филиалының мәжіліс залында аудандағы шаруалар мен фермерлердің, аудан тұрғындарының еңбек белсенділігін күшейту мақсатында «Фермерлерге бір қадам» форумы өтті.

Форумға партияның аудандық филиал төрағасының бірінші орынбасары АЖұмабеков, ауданның ауылшарушылық бөлімінің басшысы Е.Абишев және аудан фермерлері мен шаруа қожалық иелері қатысты.

Жиында биылғы жылы фермерлер мен шаруа қожалықтарға қатысты мемлекет тарапынан қолдауға бағытталған оң өзгерістер жайы баяндалып, өзекті мәселелер бойынша пікір алмасып, тиісті сұрақтарға жауаптар берілді.

Жиын барысында ауданның ауылшаруашылық бөлімінің басшысы Е.Абишев асыл тұқымды мал өсіруді субсидиялау жайын, ауылшаруашылық техникасының несие көлемін 10%-ға, техника құнын 25%-ға, тыңайтқыштар 50%-ға субсидияланатынын, дихандар мен фермерлер жерлерін электронды картаға енгізсе осы мүмкіндіктерді үйде отырып пайдалануға болатынын, сонымен қатар, ауданнан МТС ашу қолға алынып жатқанын айтып өтті.

Форумға қатысушылар Өзбекстаннан су келетін СТК және ВТК каналдарын Қзақстанның меншігіне өткізу, дихандар мен фермерлердің өнімдерін дер кезінде өткізу тетіктерін қарастыру, ішкі каналарды тазалауға ауданның су шаруашылығы мекемесіне техника алынса аз шығынмен күрделі мәселелердің шешімі табылып, қыруар қаржы үнемделетіні жайын талқылады.

0
0
135

Осы тақырып бойынша

«ФЕРМЕРЛЕРГЕ БІР ҚАДАМ» форумы өтті. - Yvision.kz