Мазмұнға өту
Обложка сообщества Разное

Фахриддин Қаратаев «Қаз Транс Ойл» БПҰ-ның мүшелерімен кездесті.

Бүгін, ҚР Парламенті мәжілісі депутаттығына үміткер Фахриддин Қаратаев «Қаз Транс Ойл» БПҰ-ның мүшелерімен «Nur Otan» партиясының бағдарламаларын түсіндіру бойынша кездесу өткізіп, партияның 2025 жылға дейінгі «Өзгерістер жолы: Әр азаматқа лайықты өмір!» атты сайлауалды бағдарламасының негізгі бағыттары туралы баяндады. Сондай-ақ, партияның сауатты да жүйелі жұмысының арқасында еліміздің қол жеткізген басты жетістіктерін айта келіп, бірқатар салаларды қамтып өтті.

Одан әрі кездесуде қоғамдағы мәселелер ашық талқыланып, түйткілдің түйінін тарқату жолдары нақты түсіндірілді. Үміткерлер жұмысшылардың ұсыныс-пікірлерін түртіп алып, болашақта партияның назарында болатынын жеткізді.

Сайлаушылар үгіт-насихат парақшаларын қуана қабыл алып, 10-қаңтар күні өтетін сайлауға сенім білдіріп, сәттілік тіледі.

Халықтың сенімі - жауапкершілікті жүктейді!

"Nur Otan" партиясы – Қазақстан Республикасының қарқынды дамып, өркендеуін мақсат тұтқан партия. Ол – еліміздегі жетекші саяси күш! "Nur Otan" партиясына дауыс беріңіз!

Қиындықты еңсеріп, жеңіске бірге жетеміз!

«Nur Otan» – нақты істер партиясы!

«Nur Otan» – жарқын жетістіктер партиясы!

0
0
172

Осы тақырып бойынша

Фахриддин Қаратаев «Қаз Транс Ойл» БПҰ-ның мүшелерімен кездесті. - Yvision.kz