Factum.kz әлеуметтік парақшасы бойынша Партиялық бақылау комиссиясы.
02.12.2020ж. Factum.kz әлеуметтік парақшасына аты-жөні көрсетілмеген белгісіз автор өзінің Зайсан ауданының орталық аурухана дәрігерлерінің кәсіби біліктіліктеріне сенімсіздік білдіріп, пікір қалтырған болатын. «Nur Otan» партиясы Зайсан аудандық филиалы жанынан құрылған партиялық бақылау комиссиясының төрайымы Р.Қ. Шотаева авторы жарияланбаса да, шағымды тексеру мақсатында партиялық бақылау комиссиясын жинады. Отырысқа аудандық аурухананың бас дәрігерінің міндетін атқарушы Ж.Б. Тлеуберлин, СЭС Н. Каирлина шақырылды. Аталған шағым бойынша негіз болатын дәлел, дәйек табылмады.
Аудандық ауруханаға Covid-19 диагнозымен тіркелген науқастарға емдік шара жүргізіліп отырғаны туралы хаттамалар толық қаралды. Барлығы медициналық талаптарға сай. Алайда алдағы уақытта аудандағы медицина саласының қызметі партиялық бақылау комиссиясының назарында болатынын жеткізгіміз келеді.
