«Этика және мемлекеттік қызметшінің жауапкершілігі»
20 қазан сенбі күні Жемқорлыққа қарсы агенттігінің Алматы қалалық департаменттің орынбасары Әлімхан Шынарай «Этика және мемлекеттік қызметшінің жауапкершілігі» атты тақырыпта өтті. Неге бұл тақырып өзекті? Себебі, соңғы уақытта арнайы тест тапсыру барысында үміткерлердің көпшілігі этикаға қатысты тесттерден өте алмай қалып жатады. Сондықтан да курс барысында студенттер мемлекеттік қызметшіге тән арнайы этика нормалармен танысып қана қоймай, өзара тәжірибе жүзінде рөлдік ойындармен тереңдеп меңгерді.
21 қазанда «Альтернатива» сараптамалық зерттеу орталығының басшысы Андрей Чеботарев «Ақпаратты сараптау, сыни ойлау» аясында қызықты мәліметтерімен бөлісті. Тақырып аясында күнделікті ақпаратты қалай сараптауға болатындығы, зерттеуді қалай жүргізу алгоритмімен танысып, тек теориялық кітаптармен ғана емес, жастар сүйіп оқитын әдеби туындыларда да зерттеулердің түрі кездесетіндігін мәлімдеп, бірнеше ақыл-кеңестерімен бөлісті.
