« Этика кодексі» жайында түсіндірме жұмыстары өтті

« Этикасы кодексі» жайында түсіндірме жұмыстары өтті
Төлеби ауданы «Nur Otan» партиясы филиалының бекілген желілік кестесіне сәйкес Зертас ауылдық Бастауыш партия ұйымының партия мүшелерімен онлайн кездесу өткізілді. Кездесу барысында партия мүшелеріне «Nur Otan» партиясының мүшесінің этика кодексі жайында түсіндірме жұмыстарын жүргізілді.
Онлайн түсіндірме жұмыстарына саяси кеңестің мүшелері Ж.Амангельдиев пен Ғ.Нұрмаханова қатысты. Қатысушы азаматтар өздерін мазалаған сұрақтарын "Nur Otan" партиясы Төлеби аудандық филиалының төрағасының бірінші орынбасары Қ.Қансейітовке қойды. Сұрақ-жауап кезеңі шамамен бір сағатқа созылды. Көтерілген мәселелерге байланысты нұсқаулар берілді.
