Мазмұнға өту
Обложка сообщества Разное

Этика Кодексі – партияның әр мүшесі қатаң сақтауға тиісті маңызды ережелер жиынтығы

Бүгін Павлодар ауданының барлық ауылдық БПҰ-да Бастауыш партия ұйымдарының басшылары қазіргі партия мүшелерін «Nur Otan» партиясының Этика Кодексімен онлайн-форматта таныстырды.⠀

Атап айтқанда, Кодексте: «Партияның әрбір мүшесі өзінің күн сайынғы адал еңбегімен қоғамдық саяси тұрақтылығын, ұлттық бірлігі мен қоғамдағы келісімін нығайтып экономикалык жағынан мықты, демократиялық мемлекетті құруға ұмтылуы кажет» деп нақты жазылған.⠀

Сондай-ақ ол Қазақстан Республикасының Конституциясын, заңдары мен нормативтік құқықтық актілерін құрметтеуге және сақтауға, Елбасының мемлекеттік бағытының мызғымастығын сақтауға, партия Көшбасшысының саясатын жақтауға және оны дәйекті түрде жүзеге асыруға міндетті.⠀

Нақты айтқанда, Этика Кодексі – бұл партияның әр мүшесі қатаң сақтауға тиісті маңызды ережелер жиынтығы.

Ауылдық БПҰ-ның барлық мүшелері оларды күнделікті өмірде анық ұстануға дайын екендіктерін білдірді.⠀

Сегодня во всех сельских ППО Павлодарского района руководители первичек в онлайн-формате ознакомили действующих членов партии с Кодексом этики члена партии «Nur Otan».⠀

В частности, в Кодексе четко прописано: «Каждый член партии своим ежедневным трудом должен добиваться построения экономически сильного, демократического государства, укрепляя общественно-политическую стабильность, национальное единство и согласие в обществе».

Также он обязан уважать и соблюдать Конституцию, законы и нормативные правовые акты Республики Казахстан, сохранять незыблемость Государственного курса Елбасы, быть приверженным политике Лидера партии и последовательно проводить ее в жизнь.⠀

Иными словами, Кодекс этики – это свод важных правил, которые каждый член партии должен неукоснительно соблюдать.⠀

Все члены сельских ППО выразили готовность чётко следовать им в повседневной жизни.

0
0
151

Осы тақырып бойынша