Ет шығаруға қажетті мемлекеттік қызмет көрсетудің бизнес-процестері туралы мәселе талқыланды
2019 жылы 21 ақпанда "Ақжайық – адалдық алаңы" жобалық кеңсесі аясында "Республикалық ветеринариялық зертхана" ШЖҚ РМК өкілдерімен кездесу өткізілді.
Кездесу барысында етті шығаруға қажетті мемлекеттік қызмет көрсетудің бизнес-процестері туралы мәселе талқыланды.
Мемлекеттік қызмет көрсетудің бизнес-процесін алдын ала талдау нәтижелері бойынша етті экспорттау үшін келесі мемлекеттік қызметтерді алу қажет екендігі анықталды:
- ветеринарлық лабораториялармен берілетін (сынау хаттамасы), сарамтама актілерін беру;
- ветеринариялық анықтама беру
- экспорт кезінде орны ауыстырылатын (тасымалданатын) объектілерге ветеринариялық сертификат беру.
Осы құжаттарды алу үшін көрсетілетін қызметті алушылар Орал қаласының әртүрлі бөліктерінде орналасқан 3 ұйымға жүгінуге мәжбүр.
2018 жылы барлығы 859 ветеринарлық сертификат берілді. Көрсетілетін қызметті беруші-ұйымдардың ыңғайсыз орналасуы көрсетілетін қызметті алушылардан ветеринариялық анықтаманы талап етеді, олар ветеринариялық сертификатты алу рәсімінің күрделілігіне қатысты наразы. Көрсетілетін қызметті алушылар бірнеше көрсетілетін қызметті берушілерге жүгінеді және соның салдарынан біршама қашықтықты (35 км) еңсеруге тура келеді.
Мемлекеттік қызмет көрсету сапасын арттыру мақсатында:
Бір терезе қағидатын іске асыру шеңберінде көрсетілетін қызметті алушылардың ыңғайлылығы үшін ветеринариялық анықтама, сараптама актісін (сынақ хаттамасын) беру және экспорттау кезінде орны ауыстырылатын (тасымалданатын) объектілерге ветеринариялық сертификат беру мемлекеттік қызметін бір жерден (немесе жақын маңда) көрсетуді ұйымдастыру.
Яғни, ет тез бүлінетін тауар болып табылатындықтан Қазақстан Республикасы Еңбек кодексі 85 бабына талаптарына сәйкес демалыс және мереке күндері мемлекеттік қызмет көрсетуді ұйымдастыруды қарастыру ұсынылды.
