Мазмұнға өту
Обложка сообщества Разное

Естай Беркімбаевқа арналған ескерткіштің салтанатты ашылуы өтті

Наурыз мейрамын тойлау қарсаңында Павлодарда әйгілі әнші, композитор, Қазақ КСР-нің еңбек сіңірген өнер қайраткері Естай Беркімбаевқа арналған ескерткіштің салтанатты ашылуы өтті. Ашылу салтанатына Павлодар облысының әкімі Ә.Сқақов, Павлодар қаласының әкімі Е.Иманслям, Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының депутаты А.Нұхұлы, «Nur Otan» партиясы Павлодар қалалық мәслихатының депутаттары, Естай Беркімбаевтың туыстары мен ұрпақтары қатысты. Қола ескерткіштің биіктігі 4 метрді құрайды. Жұмысты Қазақстан Республикасы Суретшілер одағының мүшесі, мүсінші Азат Баярлин жасады. Құрмет белгісі ретінде жиналғандар ескерткішке гүл шоқтарын қойып, жаңа ескерткіштің Павлодар қаласының көрікті жерлерінің тізімінде ерекше орын алатындығына сенім білдірді, себебі Е.Беркімбаевтың өмірлік жолы - ерекше табиғи дарынның, музыкаға, әнге және өнерге деген риясыз сүйіспеншілік пен адалдықтың үйлесімі. ⠀⠀⠀⠀ _____________ В канун празднования Наурыз мейрамы в Павлодаре состоялось торжественное открытие памятника известному певцу, композитору, заслуженному деятелю искусств Казахской ССР Естаю Беркимбаеву. В церемонии открытия приняли участие аким Павлодарской области А. Скаков, аким города Павлодара Е. Иманслям, депутат Сената Парламента Республики Казахстан А. Нухұлы, депутаты Павлодарского городского маслихата партии «Nur Otan», родственники и потомки Естая Беркимбаева. Высота бронзового памятника составляет 4 м. Работа выполнена членом союза художников Республики Казахстан, скульптором Азатом Баярлиным. ⠀⠀ В знак уважения присутствующие возложили цветы к монументу, высказав уверенность, что новый памятник займет свое особое место в списке достопримечательностей города Павлодара, поскольку жизненный путь Е. Беркимбаева служит ярким примером сочетания особого природного дара, беззаветной любви и преданности музыке, песне и искусству. #NurOtan

0
0
233

Осы тақырып бойынша

Естай Беркімбаевқа арналған ескерткіштің салтанатты ашылуы өтті - Yvision.kz