Ескелді аудандық орталық ауруханасына 4 оттегі концентраторлары табыс етілді!
https://www.facebook.com/permalink.php?story_fbid=720685932047482&id=100023182457955&__cft__[0]=AZXKVViyawG9qKvscIRy_hyfh3nqQ1v2iCltJxJZ2BAknAycoEVTG4K9irCcImOlS7wCxeFSL7NlpzagRylqVDqhGadU-keMdn4R9yeAPVNJt_bLyTsWS49LI2K7TTcK89w&__tn__=%2CO%2CP-R
Бүгінгі күні ортамызда жомарт жандар артып келе жатқаны бәрімізді қуантуда. Алматы облысы Ескелді ауданының тумасы, құрметті азаматы Онжанов Нұрлан Баймолдаұлының қолдауымен Ескелді аудандық орталық ауруханасына 4 оттегі концентратор аппаратары Жетысу аулының әкімі Сатанов Қанат Нүсіпжанұлы арқылы табыс етілді. Осындай қиын-қыстау кезде ауылдастарының қамын ойлап, ерекше қолдау көрсеткені үшін жомарт жанды азаматымыз Нұрлан Баймолдаұлына алғысым шексіз! Осы жағдайды пайдалана отырып, шын жүректен, денсаулық, бақыт, қуаныш, жұмысына табыс, отбасына амандық тілеймін!
Идрисов Дәулет Садырұлы, "Nur Otan" партиясы Ескелді аудандық филиалы төрағасының бірінші орынбасары, аудандық мәслихатының депутаты
