Мазмұнға өту
Обложка сообщества Разное

Еске түстің

Өлең авторы – Айгүл Сағымбайқызы

Әуен авторы – Мелодия души «Белгісіз»

Бейнематериал авторы – Айнур Ниязова

Өңдеген – Бақытжан Бекмұхаммедұлы

     

Еске түстің, сағындырып, сен жаным,

Дауыл соғып, өмір бізді, ажыратты.

Енді болдың, болдың маған, сен сағым,

Жүрегімді, осы дертім ауыртты.

 

Қуанышым, болып едің, қайтейін,

Әр күнімді, бақ нұрына, толтырған.

Қалай айтшы, ақ бағыма жетейін?

Таба алам ба, арманымды, шақырған?

 

Еске алып жатырмын, таңды атқызып,

Саған арнап, жазылды-ау, мынау жырларым.

Қайтейін бар болғаны,тағы еске алып,

Қағазға, түсіп жатыр, бар сырларым.

 

Бағалаусыз қалған сезім аянышта,

Қос жүректі, ажыратудан сақтасын.

Артта қалған күндерім, сағынышта,

Кешірімсіз сүйгендер, тек қалмасын.

1
1
276

Осы тақырып бойынша