"Есіктен есікке дейін" акциясы
Бүгін аудандық мәслихат депутаттығына үміткер Болат Сәрсенов "Есіктен есікке дейін" акциясы аясында тұрғындардың үйлеріне барып үгіт-насихат жүргізуді жалғастырды. Акция аясында кандидат, тұрғындарға ауданға тікелей қатысты тұстарын жекелей таныстырып, халықтың әл-ауқатын түзеуге басымдық беретін партияға айтар ұсыныс-тілектерін тыңдады.
Тұрғындар партияның халық үшін жасаған игі істерінің ұтымды тұстарын айта келіп, алдағы сайлау күні жетекші партияға дауыс беретіндерін жеткізді.
#NUROTAN
#nurotanғадауысбер
#JenimpazBol
