Мазмұнға өту
Обложка сообщества Разное

"Есіктен есікке" акциясына жастар белсенді қатысуда

"Есіктен есікке" акциясына жастар белсенді қатысуда

Бүгіннен бастап белсенді жастар "Есіктен есікке" акциясына белсенді қатысуда. Жастар үй-үйді аралап, партияның Сайлауалды бағдарламасын түсіндіру жұмыстарын жүргізді.

«Қазақстанның басты 7 жетістігі» мен «Nur Otan-ға дауыс бер», «Жаңа жетістіктерге бірге жетеміз!» атты үнпарақтарды үлестірді. Сонымен қатар тұрғындардың талап-тілектерін тыңдады.

Дәл осындай акция өңірдегі барлық аудандарда жалғасты. Жаңаөзендік жастар қала тұрғыны Кеунимжаева Мөлдірдің үйінде болып, партияға дауыс беруге шақырды.

Тұрғын өзінің ІІ топтағы мүмкіндігі шектеулі баласының бар екендігін жеткізіп, партияның сайлауалды бағдарламасында ерекше жандарға арналған қамқорлықтың барына қуанды.

#NurOtan #JasOtan #JasOtanMangystau

#jenimpazbol #bizbirgemiz

0
0
159

Осы тақырып бойынша

"Есіктен есікке" акциясына жастар белсенді қатысуда - Yvision.kz