«Есіктен есікке» акциясымен алғашқы күннің шымылдығын түрді
Шымкенттегі үгіт-насихат кезеңі «Есіктен есікке» акциясымен алғашқы күннің шымылдығын түрді. Акция аясында қалалық мәслихат дептутаттығына үмітерлер мен еріктілер тобы тұрғындарды үйме-үй аралап, партияның Сайлауалды бағдарламасын түсіндіру жұмыстарын жүргізді.
Бүгінгі «Есіктен есікке» акциясы Қаратау ауданына қарасты «Нұрсат» шағын ауданында өтті. Шараға қалалық мәслихат депутаттығына үміткер Арман Орынбеков пен «Jas Otan» жастар қанатының еріктілері қатысты. Халық нұротандықтарды жылы лебізімен қабылдап, шағын аудан бойынша түйткілді мәселелерімен бөлісті. Тыңдалған талап-тілектер негізінде арнайы тізім жасақталды. Тұрғындардың басым бөлігі жылу, қоқыс, жарықтандыру, аула тазалығы мен спорт алаңдарын салу мәселесі бойынша шағымданған.
