Мазмұнға өту
Обложка сообщества Разное

"Есіктен есікке" акциясы жалғасып жатыр

Сайлауалды науқан басталғалы кандидаттардың тынымсыз еңбектеніп жатқаны көрініп тұр. Қоғамдық орындарында үгіт-насихат жұмыстарын жүргізіп, партияның сайлауалды бағдарламаларымен таныстырып тұрған депутаттыққа үміткерлерді күнделікті кездестіреміз.

Бүгін Есік қаласын «Есіктен есікке» акциясымен Алматы облыстық мәслихат депутаттығына кандидат Ерік Абитов аралап жүр. Көше-көшені аралап, тұрғындармен кездескен кандидат: «Бұл акцияның негізгі артықшылығы – әр азаматпен жеке пікір алмасуға өте ыңғайлы. Ауданымыздағы бірнеше ауылды аралағанда осыған көзім жетті. Өйткені көпшілік отыратын жиындарда бәріміздің бірдей үніміз естіле бермейді. Біріміз ойымыздағымен бөлісуден ыңғайсызданамыз, енді бірімізге уақыт аздық етуі мүмкін. Ал осы акция барысында әр тұрғынмен жеке кездесе отырып, оның пікірін, айтар ойын жеке жеткізуіне мүмкіндік туады», – дейді. Ерік Әзілжанұлы кездесу барысында тұрғындардың, негізінен, жер телімін, тұрғын үйді заңдастыруға, әлеуметтік мәселелерге байланысты сұрақтарының көп екенін айтады.

Акция барысында кандидат «Nur Otan» партиясының Алматы облысы бойынша сайлауалды бағдарламасында көрсетілген негізгі басымдықтар жайында тұрғындарға қысқа-нұсқа ақпар беріп, халықты 10 қаңтарда болатын сайлауға белсене қатысуға шақырды.

0
0
129

Осы тақырып бойынша

"Есіктен есікке" акциясы жалғасып жатыр - Yvision.kz