«ЕСІКТЕН ЕСІККЕ» акциясы жалғасын тапты
«Nur Otan» партиясы атынан облыстық және аудандық мәслихат депутаттығына үміткерлер Байназарова Жанар, Абилова Ақбұрыш Қолғанатқызы, Мырзағалина Ақмейір Мырзағалиқызы, Мұнайлы ауданы, Баянды ауылының тұрғындарымен кездесті.
Үміткерлер партияның ұстанған бағытымен таныстырып, саяси науқанда "Nur Otan" -ға дауыс беруге шақырды.
«Бүгінгі елдің жетістігі - сол елмен бірге жасап келе жатқан партияның жетістігі. Біз бірге болсақ, алға қойған басым міндеттерді орындаймыз. 10-қаңтарда Nur Otan-ға дауыс беруге шақырамын», - деді үміткер Ақмейір Мырзағалиқызы.
"Nur Otan" партиясының қашанда басты құндылығы-адам, қандай да қиындық тумасын, оңтайлы шешімін тауып көмек қолын созуға қашанда дайын. Партия халықтың жағдайын ойлап, түсінеді және әр азаматтың мүддесі үшін жұмыс жасайтын мықты ресурстарға ие. Жерлестеріміздің көпшілігі партияға үлкен сенім, алғыс білдіреді.
"Nur Otan"- ға дауыс бер!
#NurOtan
#JenimpazBol
#BizBirgemiz
#Tanday2021


